АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дені саудың-жаны сау"

28.09.2020

Көкшетау қаласы

                                                               №5 «Қуаныш» бала бақшасы

                                                               Тәрбиеші: Ескендирова Алия

 

Эссе.

«Дені саудың-жаны сау» 

 

     Қазіргі кезеңде жер шарын жайлаған алапат ауру пандемияның зардабын адамзат бастарынан өткізуде. Бұл ауру бұрын-соңды тарихта болмаған қиындықтарды туғызып отыр. Өмірден қаншама адам кетіп жатыр. Сондықтан бұл жерде, басты байлық-денсаулық. Егерде «Деніміз сау болса, жанымызда сау» болары анық. Ол үшін ең алдымен заңға бағыну керек. Айтылған ережелерді сақтап, әрбәр адам гигиеналық талаптарға сәйкес әрекет етсе, бұл ауру көп таралмаған болар еді.

      Қазіргі уақытта той-томалақ, жиындар мен көпшілік адам бар жерден бас тарту керек. Оның маңызы өте зор деп есептеймін.

      Адам баласының басынан бәрі өтеді: жақсылықта, жамандықта-ол заңдылық. Тек соған төзе білу, шыдамды болуымыз шарт. Ең бастысы, ауырған адамның басқалардан оқшауланғаны дұрыс. Өзін ғана ойламай, жақындарыма зияным тимесін-деген ой қалыптасуы керек деп ойлаймын.

     Егерде, ауырып тұрғанын сезген адам дер кезінде ем-дем алып, тексерілсе, өзіне де, өзгеге де пайдалы. Ауырған адам дұрыс емді уақытымен алуы керек. Асқынса оны тоқтату мүмкін емес екені белгілі. Бүгінгі күні осы ауруды жеңіп, ауырған жандар жазылып жатса, халықта зардап шекпес еді. Барша адам баласы әуелі өзінен бастап, ережеге сәйкес тірлік ете білейік!

Сонда ғана денімізде, жанымызда сау болады.

 

Еліміздің келешегі жарқын,

Халқымыз аман болсын.

Кесел кетіп, жайма шуақ күн тусын-деп тілеймін.

 

 

 

 

Просмотров: 220


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст