Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ұлттық сәндік – қол өнер»
«Қуаныш» бөбекжайында ағымдағы жылдың 27 наурыз күні жоба қорғау тақырыбында педагогтармен отырыс өткізілді. Омирсерикова Зейнеп Мажитовна өзінің «Ұлттық сәндік – қол өнер» жобасымен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Мақсаты: Қол өнерге балаларды баулу өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге тәрбиеленушілерімізге үйрету. Ұлттық құндылыққа тәрбие бағыт беру.
Қазақ халқының қол өнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып,тарих қойнауына жетелейді.
«Ел іші-өнер кенші »-дегендей халқымыздың өткен өмір жолында бір жүйеге түскен көптеген қол өнер қазынасы бар.
Зейнеп Мажитовна 2 жастағы кішкентай сәбилерімен «Ұлттық сәндік – қол өнер» тақырыбы бойынша күнделікті жұмыс жасауда. Өрнектерді қолмен ұстап қызықтыру, қол өнер ұлтымыздың көрікті өнер екенін сезіндіру мақсатында тынбай жұмыс жасап жүр.
«Қол өнер қазынасы» тақырыбында балалармен ұйымдастырылған іс шара қол өнер жасау, асық, түйме, моншақ т.б. керек заттарды іріктеп жинауда.
Ата- аналар мен бірлесе отырып көп көрнекіліктер жасалынды. Ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз!